“Бала дауысы”: Павлодарлық өнерпаз байқаудың ақтық кезеңінде облыс атынан өнер көрсетеді

Лейла Цечоева жыл сайын елімізде ұйымдастырылатын “Бала дауысы” республикалық балалар ән байқауының бесінші маусымының финалында аймақтың намысын қорғайды. Лейла сайыстың 4 135 қатысушысының арасынан мінсіз дауысымен және харизмасымен ерекшеленді, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

2016 жылдан бастап “Жұлдыз жарығы” үлгілі ән театрында, жеке, дуэтте және топта өнер көрсетеді. Республикалық, облыстық, қалалық іс-шараларға, қайырымдылық концерттерге және жаңа жылдық мерекелерге белсенді қатысады. Лейлада әдемі, таза дауысы, табиғи таланты және музыкалық қабілеті бар. Ол — эстрадалық вокал санатындағы “Ашық әлем” халықаралық көпсалалы онлайн-байқауының жеңімпазы. Ән айту — Лейла үшін сүйікті іс. Сонымен қатар жас дарын волейболды жақсы көреді және ағылшын тілін үйренуде. Сондай-ақ, оқушы түрлі деңгейдегі пәндік зияткерлік олимпиадаларға, шығармашылық жобаларға, ғылыми байқауларға қатысады.

Қазір Лейла байқаудың финалына дайындалуда. 15 қазанда Республика Сарайының сахнасында Әбдірахман Асылбек пен Иван Бреусовтың «Сенемін саған» атты авторлық әнін орындайды. Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Лейланың талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» Қоры ұйымдастыратын Ұлттық “Бала дауысы” балалар ән байқауында дауыс беріп, тілекші болайық! Лейла барлық балақайлар үшін еңбекқорлықтың үлгісі болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий