“Зияткер” қашықтық олимпиадасы – кәсіби жетістікке жетудің жолы

Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған тарихи шешім «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабында «Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі» тармақшасында педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге міндетті деп нақты көрсетілген.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі бес жылда бір рет мұғалімнің міндетті өтуі тиісті біліктілік арттыру курстары мен аттестация арқылы қарапайым жете қоятын меже емес. Аталған мәселелерден басқа, мұғалім үздіксіз білім алу нәтижесінде өз бетімен теориялық білімін жетілдіре отырып, сайыс, пәндік олимпиада, кәсіби байқауларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу арқылы кәсіби шыңдала түсері сөзсіз. Қазіргі кездегі «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы мен оның филиалдары тарапынан жүргізіліп отырған жұмыс толықтай осы міндеттерді шешуге бағытталған, яғни қазіргі білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру, кәсіби деңгейде жұмыс жасауға баулу- білім беру ұйымдары мен біліктілік арттыру институттары алдындағы басты міндет болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасы жоспарланып өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: педагогтерді курстан кейінгі қолдау, дарынды мұғалімдерді анықтау және қолдау, кәсіби шеберлікті дамыту және олардың шығармашылық қызметін ынталандыру. Республиканың білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың 903 бастауыш сынып мұғалімдері интернет-олимпиаданың қатысушысы болды, соның ішінде ШЖМ педагогтері – 286. 278 педагог тапсырмаларды мемлекеттік тілде, 625 педагог орыс тілінде орындады.

Республика бойынша қатысушылардың саны ауқымды, оны төмендегі диаграммадан көруге болады. Батыс Қазақстан облысы қатысушылар саны барлық қатысушылардың 12,6 % құрайды, Қостанай облысы педагогтері 15,7 %, Ақмола облысы педагогтері 7 % және облыс педагогтері олимпиада қатысушыларының 43 % құрады. Республика бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысу диаграммасы. Кәсібилікке, табыстылық пен нәтижелілікке ұмтылған мұғалімдер үшін кез – келген кәсіби байқау, сайыстар маңызды. Республикалық қашықтықтан олимпиада жаңартылған бағдарлама мазмұнына байланысты теориялық сұрақтарды, психология және әдістемеге қатысты тапсырмаларды ғана емес, сындарлы ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамытатын тәжірибелік және логикалық тапсырмаларды қамтыды.

«Кәсіби құзіреттілік – білім, біліктілік, дағды мен оның тұлға қызметіндегі, қарым – қатынасы мен дамуы (өзіндік дамуындағы) барысындағы аталған мүмкіндіктерді пайдаға асыру тәсілдері мен әдістерін тыңғылықты меңгеру» болып табылады. Сол себепті курсаралық кезеңде педагогтерді қолдау, әдістемелік сүйемелдеу мақсатында аталмыш байқау филиалда жыл сайын жоспарланып өткізілуде. Олимпиада нәтижесі бойынша Филиал директоры, профессор А.Ж.Мурзалинова «Білімді ел» Республикалық Білім беру, қоғамдық-саяси газетіне бір жылға жазылу сертификатын екі жеңімпазға табыстады. Қажетті деңгейдегі ұпай жинақтаған олимпиада жеңімпаздары және қатысушылар электронды түрде дипломдар, сертификаттармен марапатталды.

Кәсіби құзырлылық деңгейіне жеткен маман шығармашылық жұмыс нәтижесінде өзіндік тәжірибесінің ерекшеліктерін көруге, өз тәжірибесінің мақсатқа жетудегі артықшылықтарын, оған жетудің тиімді жолдарын және болжамды нәтижені сипаттап, ұзақ уақыт тиімді де, жоғары нәтижені ұстап тұру мүмкіндігіне ие болады. Әріптестерге алғыс айтып, құттықтай отыра, биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз.

Ақмарал Шатиковна ИЛЬЯСОВА,
“Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ “Білім беру
процесін
психологиялық педагогикалық
сүйемелдеу” кафедрасының
аға оқытушысы,
Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий