ҚызПУ ректоры қайырымды іске ұйытқы болды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың қолдауымен Жамбыл облысы Шу ауданының тумасы, көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленген Әсел Құтбан жоғары оқу орнында тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант иегері атанды. Бұл туралы осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүгінде бойжеткен Қыздар университетінің Өнер және менеджмент институтында «Музыка мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша білім алуда. Осы орайда айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Волонтер жылы аясында қолға алынған игілікті іске «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты ұйытқы болды, – дейді оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан. Жетпіс алты жылдан астам тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрларын даярлайды.

2020 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының рейтингі нәтижесі бойынша университеттің 13 білім беру бағдарламасы алғашқы ондыққа енді. Ал тәуелсіз еліміздің үздік университеттерінің жыл сайынғы Ұлттық рейтингісінің нәтижесі бойынша ҚызПУ 88,30 балл жинап, еліміздегі екінші үздік педагогикалық оқу орнының сапына енді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий