“HR-Process” кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық – талдау жүйесі  

Алғаш рет бүкіл еліміз бойынша үшінші мегаполисте педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді. “HR-Process” жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған, – деп хабарлайды Шымкент қаласындағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтау болып табылады. Жүйе конкурстық әдіске негізделеді. Педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алады. Арнайы комиссия құрамына білім ұйымының директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді.

Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн трансляциясы жүргізіледі. Конкурстың барлық нәтижелері сайтта ашық, қолжетімді шығарылады. Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі. Шымкент қаласы білім мекемелерінің барлық бос орындары www.hr-process.kz. сайтында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий