Шымкент қаласы: Интернет жылдамдығы төмен қала сыртындағы елді мекендер бойынша сегіз орынға байланыс станциясын орнату жұмыстары басталды
2020-2021 оқу жылы 751 білім беру мекемелердегі 330 мыңнан астам білім алушылармен басталды. Анықтама: балабақша – 526 (мемл. – 79, жекем. – 447), мектеп – 177 (мемл. – 147, жекем. – 30), колледж – 31 (мемл. – 11, жекем. – 20), қосымша білім ұйымы – 9, арнайы мекеме сегіз. Қазіргі таңда 177 мектептегі оқушы саны 225 295, өткен жылмен салыстырғанда 12 000 балаға артық. Оның ішінде 1-сыныпқа 24 490 бала электронды форматта қабылданды, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы негізінде жалпы оқушының 1-4 сыныптар аралығында 49 640 (22%) оқушысы 3 344 кезекші сыныпта және 175 655 (78%) оқушы қашықтан білім алуда. Барлық мектептерде «Bilim Iand – Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Ал, 31 колледжде қашықтан оқыту «Smart Nation College» интернет платформасында іске асырылуда. Колледждегі жалпы студенттер саны – 27 046 (11 мемл. – 14 031, 20 жекем. – 13 015), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студент саны – 11 427.
Сонымен қатар, барлық мектептер ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда да ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылып, топтағы бала саны он бестен аспайды. Қазіргі таңда, 2711 кезекші топта 18 971 бала тәрбиеленуде. Қашықтан білім беру жағдайында 222 050 оқушының 80 780-не 36,3 пайыз (80 780 оқушы яғни, 37 873 – компьютерге мұқтаж, 42 907-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары) компьютерге тапшылық анықталды. Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы қамтылды.
Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 44 982 оқушыны қамтылады. Оның ішінде 7 109-ы аз қамтылған отбасы балалары, ББҰДҚ сәйкес 37 873-і компьютерді қажет ететін отбасы балалары. Ағымдағы жылғы шілде айында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасы балаларының саны 35 798-ді құраса, бүгінгі таңда аталған санаттағы балалар саны 42 907-ні құрады. Қазіргі таңдағы компьютер саны – 20 201. Оның ішінде: 01.07.2020 жылға дейінгі компьютер саны – 12 974, жарамдысы 9 226. 2020 жылғы шілде айында сатып алынғаны 10 975. Қаралған қаржы 2 250 000,0 мың теңге. Қосымша сатып алынатын компьютерлік құрылғы саны – 36 355 (7 438 компьютер, 24 716 ноутбук, 4 201- планшет).
Оның ішінде ҚР Үкімет қорынан алынатын компьютерлік құрылғы саны – 31 160. Қаралған қаржы 4 825 833,6 мың теңге. ЖБ алынатын компьютерлік құрылғы саны 5 195. Қаралған қаржы 1 000 579,6 мың теңге. Анықтама: Келісім шарттарға сәйкес жеткізу мерзімдері: компьютерлер – 03-08.09.2020 ж. 100%-ға (7 438 дана); ноутбуктер 10.09.2020 ж 11 716, 25.09.2020 ж 13 000 дана; планшеттер 03.09.2020 ж 3 000, 23.09.2020 ж 1 201 дана. Білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Қаралған қаржы – 235,9 млн. теңге. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ арқылы білім ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту бойынша қосымша келісім шарттар түзілуде. Интернетке мұқтаж 18 461 отбасы балалары – 31 798. Оның ішінде: 17 701 отбасына «Bilim al» интернет-тарифіне қосылған сим-карталар берілді. 760 отбасына кабельді интернет желісі тартылды.
Интернет жылдамдығы төмен қала сыртындағы елді мекендер бойынша Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе сегіз орынға байланыс станциясын орнату жұмыстары басталды. Қашықтан оқыту форматы өтуге байланысты қала тұрғындары, ата-аналар тарапынан компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар арыз-шағымдар білім басқармасының әлеуметтік желілеріне түскен. Аталған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Санитарлық қажеттіліктермен қамту. Пандемия жағдайына байланысты санитарлық қажеттіліктерді сатып алу үшін мекемелерге 38 415,0 мың теңге қаржы қаралып, барлық білім беру ұйымдары толығымен санитарлық қажеттіліктер қамтамасыз етілді.
Загрузка...