Мұрат Бақтиярұлы, сенатор: Асхат Аймағамбетовтің министр ретінде жасап жатқан жұмыстарын толық қолдаймын

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовпен Ұстаз мәртебесі туралы заңға қатысты пікір алмастық. Жалпы жас министрдің өзіндік ұстанымы мен күрмеуі көп осы салаға жан тәнімен беріліп жұмыс жасап жатқан талпынысы ұнайды. Лайым ұлтымыздың ағарту саласына адал қызмет жасай бер бауырым! Талап оң болсын!, – деп жазады Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы Мұрат Бақтиярұлы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Елімізде жоғары оқу орындарының саны 129-ға жетті. Он тоғыз миллион халқы бар ел үшін бұл тым көп. Олардың көпшілігінің саны болғанымен сапасы жоқ екенін жақсы білеміз .Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда небәрі қырыққа жуық ЖОО болып, өте сапалы білім берді, білікті мамандар даярлады. Кезінде министрлер А. Сәрінжиповке, Е. Сағадиевке сапасыз білім беретін оқу орындарын қысқарту туралы бірнеше депутаттық сауал да жолдадық, ұсыныс та айттық, бірақ нәтиже болмады. Меніңше олар құлықсыз болды. Президентіміздің былтырғы және биылғы Жолдауларында диплом сататын оқу орындарын жабу туралы берген тапсырмаларынан кейін сең қозғала бастады.

Осы бағытта министр Асхат Аймағамбетовтің жасап жатқан жұмыстарын толық қолдаймын. Осы жоғары оқу орындарының ішінде университеттік статусы бар оқу орындары басым. Университет дәрежесіне сәйкес келмейтіндерді институттерге, кейбір институттерді академия дәрежесіне түсіріп те мамандықтардың санын барынша қысқартуға болады. Жоғары білім беретін оқу орындары арасында бәсекелестік орта болуын жақтаймын, бірақ олардың ең негізгі қағидаты сапа болуы керек, егер оны қамтамасыз ете алмаса нарықтан кетуі тиіс.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий