Жас буынды ғалым сипаты, игіліктердің бастамасы

Қазіргі уақытта “Ғылым”, – деген өте үкен ұлы нығметтің ахуалдық жағдайы шарықтау шыңына жетіп, жаңа дәуірдегі әлем дамуының болмыс-бітімін қалыптастырып тұр. Осыған орай, ұлт ұстазы, ұлы кемеңгер, ақыл ойдың қазығы Абай Құнанбаев: “Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт”, – бар дейді. Ол дегеніміз, ғылым саласында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс, ең алдымен біз мінезге бай болсақ ақылды да, ғылымды да жасай аламыз, ал керісінше мінезге кедей болсақ – тұрақсыз, жеңілдікпен, көрсе қызарлықпен қызыққа шайқалып қала берсек мінездің беріктілігін бұзып, барлығынан мақұрым қаламыз.

Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Мінезге бай болу – ол адамды адам етіп қалыптастыратын бар игі құндылықтарға ие болу. Сол үшін, туған жер топырағының бар маңызын бойына сіңірген, ата бабамыздың қымбат аманатын және халқымыздың дана қасиеттерін, кесек мінездерін жауапкершілікпен және табандылықпен орындайтын жұртпен жұғысқыш, еңселі еліміздің терезесін әлемдегі дамыған елдердің терезесімен тең ұстайтын білімді, тұғыры биік жастарға қашан да мемлекет мұқтаж. Еліміз тәуелсіздік алып, тұғыры биік – елдік болып қалыптасқан шақта дүниеге келген кешегі бөбектер, бүгінде, ақыл тоқтатып, жан-жақты толысып 25-30 жастың ширегіне толып, ел игілігіне жарайтын тетікті, игі істің басын қолына алып ел дамуының жолында еңбек сіңіріп жатыр. Атап айтқанда, Қазақстандық химиктер әлемдік жаңалық ашты, титан ерімейтін отқа төзімді металл. Айнымалы ток әсерінен кейін титанды бөлме температурасында еріту әдісі табылды. Ғылыми жаналықты профессорлар, доценттер және ғылым докторлары болып табылатын Абдуали Баешов, Ажар Баешова, Ғани Ізтілеуов жасады.

Жобаны Мұрат Жұрынов басқарды. Бұл жаңалық өнеркәсіптік қызмет саласында пайда әкеледі. Мықты металды ыдыратуға қабілетті химиялық заттардың арқасында мамандар Қазақстанда 100 мың тоннаға жуық өнеркәсіптік титан қалдықтарын кәдеге жарата алады. Ғылымды ойлап табуға тұғырлы нәрсе ол – ақыл, оны қаржыландыру және қолдау қазіргі ел дамуының сұранысында тұрған өте өзекті тақырыптардың бірі. Ғылыми даму жүйемізді жаңа жағдайға бейімдеп, оны жаңғырту ісінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жас ғалымдар кеңесі, жас ғалымдарының кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және басым ғылыми міндеттерді шешуге күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту мақсатында жұмыс істейді.

Осыған сәйкес 2019-2020 жылы университетімізде қырық жеті жобаға 180 жуық жас ғалымдар ғылыми жобаларын дайындады. Оның ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты 21-25 жас аралығында 48; 26-34 жас аралығында 59; 35-40 жас аралығында жетпіс үш жас ғалымдар қатысты. Қырық жеті ғылыми жобаның жалпы сомасы 28,07 миллион теңге болатын үшеуіне университетіміздің жас ғалымдары, «Металл наноұнтақтар мен наногубоктарды ала отырып, оларды кешенді, қалдықсыз қайта өңдеудің тиімді инновациялық технологияларын әзірлеуге шыға отырып, Қазақстанның түсті, сирек кездесетін және асыл металдар сульфидтерінің электрохимиялық мінез-құлқын іргелі зерттеу» аталатын жобаға А.Колесников; «Ортадан тепкіш күштер алаңында екпінді ұсақтаудың энергия үнемдеу тәсілін әзірлеу және оның негізінде сусымалы Материалдарды ұнтақтауға арналған қондырғылар жасау» тақырыбындағы жобаға Д.Сарсенбекулы; «Кесу процестерінің Имитациялық модельдерін әзірлеу және олардың негізінде құрал мен өңдеу режимдерінің оңтайлы параметрлерін болжау» – тақыбына З.Ибрагимова жетекшілік етеді.

Университетімізде 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдар конкурсының нәтижелері бойынша жас ғалымдардың екі жобасы жеңіп алынып, «Балқаш байыту фабрикасы мен әктасты цемент клинкерін алумен жоғары температуралық синтез тәсілімен кешенді қайта өңдеу және ілеспе мырыш айдау» бойынша жоба жетекшісі т.ғ.к. А.Колесниковке 65798596 теңге, және «Құрамында күл-шлак қалдықтары мен доломит кендерінің қалдықтарынан магний және басқа да микротыңайтқыштар бар тукосмосты алудың экологиялық қауіпсіз технологиясын әзірлеу және құру» бойынша жоба жетекшісі х.ғ.к. Н.Сарыпбековаға 70743456 теңге бөлінді.

Қазақта “Бір адам жаққан, отқа мың адам жыланады”, – деген дана сөз бар. Ғылыми жаналығы бар игілікті істерде бізге, өнеркәсіпке енгізіп, жүйелі түрде Сіздер мен Біздер болып, қоғамда бірігіп ғылым саласындағы күрделі түйіндер мен қиындықтарды шеше аламыз. Біз бір орында тұрған жоқпыз….

А. ҚЫДЫРАЛИЕВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий