Орынқыз Жолдасова, Дулати университетінің Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі уәкілі:  “Білімді ел” газетінің бір жылдық жазылымын алғашқы ұстазым Бағила Қоңырбаеваға сыйладым

(Зейнет жасына шығарып салғандағы естелік суреттер топтамасы)

“Білімді ел – Образованная страна” республикалық білімділік қоғамдық-саяси апталығында жарияланған «Ұлағаты ұстазға, ыстық ықыласпен» атты әлеуметтік жоба жүрек түбімнен орын алып, мектебіме, ұстаздарыма, сыныптастарыма деген сағынышымды оятқанын айрықша атап айтқым келеді, – деп жазады біздің редакцияға хабарласқан Дулати университетінің Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі уәкілі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасова Орынқыз Көпбосыновна.

Мен Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектепте оқығанымды мақтанышмен айтамын. Менің ата-анам да сол мектепте ұстаздық етті. «Мектеп – бұл өмірге жолдама», әрбір ұстаздың берген білімі мен тәрбиесі өмірге жол сілтер шамшырақ болғаны айдан анық. Әрине, тұңғыш тәлімгердің орны ерекше. Менің алғашқы ұстазым – Бағила апай Қоңырбаева. Ұстаз әрине ұлы тұлға.

Бағила Кеңесқызының ұлылығы мінез-құлқында, шәкірттермен қарым-қатынасында, оқушының балалық қылықтарын қабылдай білетіндігінде. Саусақпен санай берсе таусылмайтын әрбір іс-әрекетінде. Майталман мұғаліміміздің алдымызға қойған ең бірінші талабы – тәрбие еді. Шәкірттік өмірде осындай ұлағатты ұстаздан тәлім алғанымыз үшін қуанамын. Ұстазымның бізге деген сенімі арқылы өмір-өзен ағысында батыл қадам басып, армандауға үйрендік.

Сондықтан кәсіби мереке қарсаңында былтыр басталған бағалы бастаманы мыңдаған оқырмандарына қайта қауыштырған «Білімді ел – Образованная страна» салалық газетінің алдағы 2021 жылға арналған бір жылдық жазылымын құрметті еңбек демалысындағы алғашқы ұстазыма игі ниетпен сыйлық ретінде ұсындым. Барлық әріптестерімді төл мерекемен шын жүректен құттықтап, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріне жемісті жетістіктер және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы ізгілікті істеріне толымды табыстар тілеймін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий