Павлодарлық ұстаз республикалық байқауда жеңіске жетті

Жуырда аймақтағы Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткен белгілі әнші, композитор Майра Шамсутдинованың 130 жылдығына арналған «Майраның салған ізімен» аталатын республикалық дәстүрлі ән орындаушы қыз-келіншектер арасындағы онлайн конкурс – фестивалінің І орын және Лауреат атағына “Музыкалық колледж -музыкалық мектеп-интернат кешені” ММ-нің ән салу бөлімінің ұстазы Мусипова Сауле Талгатовна ие болды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Елімізге танымал дәстүрлі әншілер және ҚР Мәдениет және өнер қайраткерлерінен құрылған арнайы қазылар алқасы қатысушыларды орындаушылық шеберлігі мен дауыс мәнеріне, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне қарай бағалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий