Ақмола облысы: “Мемлекеттік тіл – менің тілім” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жергілікті өнерпаз дарынды балалалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 14 жастағы оқушылар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында арнайы облыстық онлайн байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты оқушылар арасында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту. Биылғы қыркүйек айының 22-і күні өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығында Атбасар, Зеренді, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Сандықтау, Біржан сал, Егіндікөл, Шортанды, Бурабай, Қорғалжын, Есіл аудандары және Көкшетау қаласынан 13 үміткер қатысты.

Басқа қатысушылар белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталады. Қазылар алқасы қорыта келе өз шешімдерін шығарды: бірінші орын Бякярис Любовь – Аққөл ауданы; екінші орын Дуккарт Диана Дмитриевна – Егіндікөл ауданы; үшінші орындарды Бибик Виктор – Бурабай ауданының өкілі мен Урумцева Алина Евгеньевна – Қорғалжын ауданының намысын қорғаған екеуі өзара бөліскен болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий