Шымкент қаласы: “Жас маман” жобасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

 

(Әрекеттегі инжекторлық ІЖҚ» зертханалық стенд Consulab em-140 02-035021)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты: халықаралық стандарттар талаптарына сай жоғары білікті мамандарды дайындау және халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарды жаңарту болатын. Аталмыш жоба аясында мемлекет – колледждің  материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін тиісті қаржы бөлген болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол – көлік колледжі» МКҚК  “Жас маман” жобасы негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында бөлінген қаржыға «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  және «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуда, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.

(Талшықты-оптикалық байланыс ВОЛС-4 оқу-практикалық кешені)

Қазіргі таңда қырыққа жуық  құрал-жабдықтар колледж базасына толық орнатылды. (Алынған құрал-жабдықтардың бірнеше түрі назарға ұсынылды). «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша  келген құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді: автомобильдің тораптарының және агрегаттарының құрылысы және жұмысын; автокөлікті пайдалануды және техникалық  қызмет көрсетуді;  «автокөлікті жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша практикалық жұмыстарды орындауды; автокөліктің бөлшектері мен механизмдерін жобалау және құрастыруды; автокөлік техникасының механизмдерімен агрегаттарының конструктивті есептеулерін орындауды; автокөліктің  технологиялық жағдайын тексеру және бақылауды; автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды; автокөліктерді және технологиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыруды.

(Стенд-тренажер – сигналдандыру, орталықтандыру және блоктау электр қозғалтқышы)

«Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша келген құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді: автоматиканы және сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау дискреттік құрылғыларын қолдану; темір жол көлігіндегі электр байланысының техникалық құралдарын қолдану; теле механикалық бақылау және техникалық диагностика жүйесін қолдану; сигнал беруді, орталықтандыруды және бұғаттауды электрмен қоректендіретін құрылғыларды қолдану; темір жол көлігінде автоматтандырылған станциялық жүйелерді қолдану және станцияда сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу; поездардың  қозғалысын автоматтандырылған интервалды реттеу жүйелерін қолдану және бөгендерде сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтердің негізгі жұмыс түрлерін орындау.

 

(электрлендірілген стенд – теміржол бағдаршамдарының сигнал беру жүйесі)

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы және «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша алынған құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу, сонымен қатар оқу практикасында тиімді қолдану мақсатында колледждің арнайы пән оқытушылары әр құрал-жабдықты жетік меңгеру мақсатында құрал-жабдықтардың нұсқаулығымен танысып, техникалық кеңес курстарынан өтті және  арнайы сертификаттар алды.

(жеңіл автомобильге қызмет көрсету және жөндеу бағдарламалық-әдістемелік кешені)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий