Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаты: “Ақ жол” партиясының фракциясы білім министріне қазақ тілді ұлтжанды азаматтардың бірі ретінде аса құрметпен қарайды (бейне жазба)

Нұр-Сұлтан қаласында «Ақ жол» партиясының ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша жұмысы туралы брифинг ұйымдастырылып, бұл шараға «Ақ жол» партиясының төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов пен Мәжіліс депутаты Дания Еспаева қатысты, – деп жазады республикалық “ҚАЗАҚ ҮНІ” апталық газетінің сайты.

 

Брифинг барысында «Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке шабуыл жасап жатыр деген пікірлерге де лайықты жауап берілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева нақты дәлелдермен халық қаржысының жоғалып жатқанын мәлімдеді. Бұл мәселені партия аяғына жеткізетінін қадап айтты. – Дания Еспаеваның Мәжілістегі Білім және ғылым министрлігіне қатысты депутаттық сауалы қоғамда қатты талқыланды. Көбісі бұл Асхат Аймағамбетовке жасалған шабуыл деп жатты. Осыған байланысты не айтасыздар? Жалпы Дүниежүзілік банктен алынған 67 млн доллар туралы мәселені «Ақ жол» партиясы жиі көтеріп жүр. Осының себебін түсіндіріп өтесіз бе?» деген тілшінің сауалына депутат Берік Дүйсембинов те жауап берді.

– Біздің бұл сұрағымыз – Асхат Аймағамбетов мырзаға азамат ретінде емес, министр ретінде қойылған сауал болатын. Асхат Аймағамбетовті бүгінгі таңдағы қазақтілді ұлтжанды азаматтардың бірі деп аса құрметпен қараймыз. Ол азамат министрдің орынбасары болған кезде талай сұрақтарымызға тікелей жауап берген. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Әлеуметтік желідегі тарап кеткен «министрге жасалған қарсы шабуыл» деген ақпарат жалған. Біздің көтеріп отырғанымыз – интернетің жай-күйі. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Егер қаржы игерілмесе, сол қаржыны сұрауға ұйытқы болған, бұрынғы министрліктің өкілі кім? Қандай жазаға тартылды? Кім жауапты? 67 млн долларды игермейтін болсақ, ратификация жасап не үшін алдық? Енді жылына сол қарызды резервте ұстап отырғаны үшін 165 мың АҚШ доллары төленеді. Бұл кімнің арқасында төленіп жатыр? Соған жауап алғымыз келген. Бұл қарыз алынғанда Аймағамбетов министр болмаған. Сондықтан бұл Асхат Аймағамбетовтің жеке басына емес, министрлікке қойылған сұрақ екені ескерілсе дейміз, – дейді депутат.

Білім министрлігіне байланысты сұраққа Қазыбек Иса: – «Ақ жолдың» депутаты өзінің ақшасын сұрап жатқан жоқ, халықтың қаржысын сұрап жатыр. Ол үшін алғыс айту керек қайта. Ал Асқат Аймағамбетовке бұл сауалға жауап беріп, министрлік миллиардтары қайда кеткені туралы есеп беруге тура келеді. Министр болғаны үшін. Біз Аймағамбетовты «Қазақ үні» газетінде үнемі қолдап, насихаттап келеміз. Өйткені, қазақы қанды, ұлтшылдығы бар, мектептен шыққан мен білетін Білім министрлерінің бірі осы Асхат Аймағамбетов! Бірақ әліппені қайтарған Аймағамбетов түгілі әліппенің авторы Ахмет Байтұрсынұлы Білім министрі болса да, халық қаржысының қайда кеткеніне есеп берер еді…

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий