Құқықтық қоғамның қағидаттарына қырағылық қажет
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн орган.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әділет органдары –орасан көпқызметті механизм. Әділет органдарының мемлекет кепілдік беретін және Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін, жылжымайтын мүлікке құқық, жылжымайтын мүліктің жекелеген түрлерін кепілге беру, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген құқықтық көмек және заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық нәсихат пен басқа да міндеттерін жүзеге асырып келеді.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен ҚР Әділет министрлігі мен оның аймақ құрылымдары мен бөлімшелері мемлекеттік қызмет жүйесін құқықтық тұрғыдан қамтып, кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде дәлелдеп келеді. Еліміздің заңнамалары аясында әділетті қызмет атқарып келе жатқан бұл органның алар үлесі ұшан-теңіз. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі мен тіреуі, оның алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы қызметкерлер әрқашанда елімізге қажет.
Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын қызметкер болу – мәртебелі міндет. «Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру» деп Цицерон айтқандай Әділдік жолдында қызмет атқарып, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауы және барлық мәселелердің заң шеңберінде жүзеге асуы үшін еңбек етіп жүрген әділет органының қызметкерлерінің еңбегі зор екені бәрімізге мәлім. Осынған орай 30 қыркүйекте ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 20-қазанындағы Жарлығымен әділет органдары қызметкерлерінің күнін атап өту белгіленген болатын.
Осы айтулы күні отандық Әділет органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау маңызды іс! Әділет органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсетуі, құқық үстемдігін қамтамасыз етуі, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсібиліктері мен күш-жігерлеріне тікелей байланысты. Құрметті Әділет органдары қызметкерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әділет органдарының алдына қойылған мақсаттарына, яғни заңдылықты қамтамасыз ету және сот төрелігінің әсерлілігін әрі қарай арттыру, заң шығармашылығы, құқықтық ағарту мен адам құқығын қорғауда талмай еңбек етуіне тілектеспіз. Әділет органдары бұдан былайғы уақытта да құқықтық мемлекет құрылысына күш-жігерін салатынына және алдымыздағы мақсаттарды абыроймен орындайтынына сенім білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасына құт-береке, әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Ж.ОРЫНТАЕВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың з.ғ.к., профессор