ЕҰУ және ҚР ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Маңызды құжатқа Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік техникалық қызметінің директоры Асқар Жүнісбек қол қойды. Келісімнің мақсаты техникалық және кәсіптік даярлау, ғылыми зерттеулер, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы дағдылармен алмасуға, білімнің ілгерілеуіне жәрдемдесу сияқты салаларда тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Шара барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын жоғары бағалай келіп, «Жоғары оқу орындарымен осындай келісімдерге қол қою «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру кезінде адами капиталды дамыту үшін негіз болып табылатынын» атап өтті.

– Біз студенттер үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуді және бітірушілердің біліктілік жұмыстарын дайындауға қатысуды, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы салада өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік техникалық қызметтегі тәжірибе болашақ түлектер мансабының алғашқы қадамы болуы мүмкін, – деп есептейді ҚР ҰҚК МТҚ директоры Асқар Жүнісбек.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шахмаран Сейілов осы Келісімге қол қою алдында бірнеше кездесулердің болғанын және оның барысында ынтымақтастықтың аса маңызды мақсаттары белгіленгенін атап өтті.

– Біріншіден, біз білім беру саласындағы өзара іс-қимылымызды: практикаға бағдарланған мамандарды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттердің практикалары мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерінде белсенді түрде дамыта аламыз. Сондай-ақ біз ғылыми бағытта да табысты ынтымақтаса аламыз. Ақпараттық технологиялар факультетінде бағдарламалық қамтамасыз етудің жасырын зиянды функционалын анықтау әдістерін әзірлеумен, есептеу-күрделі криптографиялық қайта құрулардың қауіпсіз аутсорсингін зерттеумен, ақпараттық жүйелердің сенімділігі мәселесімен айналысатын мамандар бар. Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институты да жұмыс істейді. Сондықтан біз ынтымақтастығымыздың болашағы мен табысын жоғары бағалаймыз, – деді декан.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Дина Сатыбалдина атап өткендей, ағымдағы оқу жылында МТҚ-ның екі өкілі «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін зиянды қамтамасыз ету мен желілік қауіпсіздікті талдау бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізеді.

Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі республикалық олимпиада өткізу де жоспарда бар. Мамандардың айтуынша, жарыс қорытындысында жүзден жүйрік шыққандар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметіне жұмысқа шақырылуы әбден мүмкін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий