Ақтөбелік биші оқушылар республикалық “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль байқауында Бас жүлдеге ие болды

“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығы қашықтан ұйымдастырған республикалық “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль байқауы бойынша облыстық  кезеңнің   жеңімпаздары  Қарғалы  аудандық  балалар өнер мектебінің  оқушылары («Кербез» би тобы)  республикалық кезеңге   қатысып, “Заманауи” би номинациясы бойынша  Бас жүлдеге  ие болды, – деп хабарлайы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қарғалы аудандық балалар өнер  мектебінің «Кербез» би тобындағы оқушылар: Ақмадин Орынгүл; Қасимова Махаббат; Минжасарова Томирис; Азирбекова Алина; Тукешева Айнэла; Джумагалиева Гаухар; Бисембаева Дильназ; Ержанова Дильназ. Жеңімпаз оқушыларды және жетекшісін жүлделі орнымен құттықтаймыз!!!

            

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий