Сапура Төлекова, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директоры: Жаңашыл жастардың жігерін жаниық

Мұғалім – мамандық, ұстаз – мұғалімдік мамандықтың биік шыңы әрі мәртебелі атақ. Биыл біздің білім ордасына әр түрлі пәндер бойынша сабақ беретін жоғары білім алған он төрт дипломды жас маман жұмысқа қабылданды. Әрқайсысының көзінде жалынды от пен жүректерінде ұлттық рух барын байқағанда кезекті жас толқынға риза болдық. Жаңа оқу жылы қашықтан білім беру үдерісін басталғалы бір айға жуық қана уақыт өтсе де, кейінгі жаңашыл жас буынның өкілдері ұтымды ұсыныстарына қоса бағалы бастамаларымен таныла бастағанын көрдік.

Осы отты сөндіріп алмай, рухты жоғалтып алмай ұлағатты ұстаз болуына  жол көрсетіп, ақыл кеңес беру басшыға да, ұжымға да аманат. Педагогикалық қызметтегі алғашқы кәсіби мерекелерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Муслманбекова Назерке мен Тілепбергенова Эльвираға, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Бадамбекова Жарқынай мен Нұғман Гүлмаралға және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Санаков Бауыржанға «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік қоғамдық-саяси апталығының алдағы 2021 жылдың он екі айын толық қамтитын бір жылдық жазылымын сыйлауды ұйғардым.

Ұстаздар күні қарсаңындағы бұл тартуым және танымал газеттің пайдалы контенті жас мемлекет тарапынан педагогтарымызды жан-жақты қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі де жан-жақты жұмыстарға қосымша серпін беру мақсатында пайдалы оң әсерін тигізеріне сенім мол. Мерейлі мерекелеріңізбен, отандық әріптестер!

Сапура Сейдуалиқызы ТӨЛЕКОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп
лицей директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий