Дарынды ұрпақ – басты құндылығымыз

Қашықтан оқыту – мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа дүние, бейтаныс жүйенің қызығы мен қиындығы қатар жүретіні белгілі. Сондықтан болар, мұғалімдер оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, оқушылар сабақты мұқият тыңдап, тапсырманы бар ынталарымен сапалы орындауға тырысып жатыр. Сондай-ақ, бұл оқыту түрі оқушылардың көбірек өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беріп, компьютерлік сауаттылығын жетілдіруге үлес қосады деп ойлаймын.

Қазіргі күрделі кезеңде еліміз қиындықты тиімді жолмен шешуге бет бұрды. Оның айғағы – білім беру саласына енгізілген елеулі өзгерістер. Яғни, Қазақстанда қазіргі замандағы технологиялық жағдайға негізделген қашықтан оқыту жүйесінің тетігі толықтай іске қосылды. Жалпы, дүниежүзі бойынша қашықтан білім берудің ұтымды тұстары бар екенін көріп келеміз. Осы арқылы оқушы өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырудың, өзіне пайдалы дүниені өзі үйренудің, кез келген сәтте тиісті шешім қабылдаудың маңыздылығын жете түсіне бастағандай. Бұл ретте, ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Сондықтан, олар оқушылардың оқу бағдарламасын толық игеріп, сапалы білім алуына бар күш-жігерін салуы қажет. Білім алып жатқан оқушылардың да қазіргі қалыптасқан жағдайға тез иекемделуі де бұл жерде үлкен рөл атқарады.

Мәселен, олар ақпараттық-технологиялар жүйесі арқылы өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, «Еларна», «Балапан» телеарналары, «Bilimland» «Kundelik.kz», «Daryn.online» интернет платформалары арқылы сабаққа қатысуда. Осының барлығы – оқушылардың болашағы үшін жасалған жұмыстар. Ал, ұстаздарымыз оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әрине, бұл ретте, ата-ананың да көмегі ауадай қажет. Осы орайда, заманауи құрылғылардың көмегімен кері байланыс та жүргізілуде. Бүгінде әр отбасының әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлініп, кедергілерден шығу жолдары қарастырылған. Осылайша, оқушылар білім берудің жаңа үрдісіне бейімделіп келеді.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында болғандықтан, ең бастысы білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты құндылығымызға айналды. Демек, олар ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы қажет. Бұл жолда ұстаздар қауымы өздеріне артылған сенім үдесінен шығуға атсалысады деп ойлаймын. 

Ержан Оразгалиұлы ИРГАЛИЕВ,
№10 ЖББОМ директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий