Шайзат Ташенова, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директорының орынбасары: Әлия Уахитқызы – биік болмысты бала бағбаны

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің астанасында осыдан алты жыл бұрын “100 мектеп – 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасының аясында біздің білім шаңырағының құрылысы аяқталып, елорда тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілген болатын.

Әлия Уахитқызы

Әлия УАХИТҚЫЗЫ алдыңғы аға буын ардагерлердің сапында сол күндерден бастап, осы алтын ұяда оқитын жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының нағыз бағбаны бола білді.  “Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек”, –  деп қазақтың көзі тірі қайсар ақыны Мұхтар Шаханов айтқандай бастауыш сынып мұғалімі ретінде кішкентай құлыншақтардың көңіл пернесін дөп басып, таудай талабын ұштады. Өршіл өрендердің дарындылық қарымы мен қабілетін ілгері дамытып, қиындығы мен қызығы көп үлкен өмірден лайықты орнын табуы жолында кәсіби тұрғыдан қажырлы қызметін абыроймен адал атқарды.

Шайзат Ташенова

Сондықтан қазіргі кезде зейнетекерлік жасқа жетіп, әріптестерінің құрметі мен қошаметіне бөленген жайсаң жанның тағылымды тәжірибесі мен өнегелі өмірі жас мамандарға үлкен үлгі. Тағылымды тәлімгерге мықты денсаулық пен қажымас қайрат және баянды бақыт тілейміз! Әлия Уахитқызының ерен еңбегі мен биік болмысын бағалай отырып, отандық педагогтер қауымының төл мерекесі қарсаңында “Білімді ел – Образованная страна” республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті ұйымдастырған әлеуметтік жобаны қолдау арқылы осы апталық басылымның жаңа 2021 жылға арналған бір жылдық жазылымын ізгі ниетпен бір құшақ гүл шоғымен бірге қоса сыйлаймын. Мерейлі мерекеңізбен майталман мұғалім, ұлағатты ұстаз! Бағыңыз биіктей берсін!

Шайзат Мәктайқызы ТАШЕНОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей
директорының білім беру қызметінің сапасын
арттыру жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий