Қостанай облысы: Инклюзивті қоғамға қадам

Рудныйда қостанайлық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің құрылымдық бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға Қостанай облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Досмұхамедова қатысты, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебінің қабырғасында орналасқан жаңа орталықта ата-аналар өз балаларын логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, психолог сияқты мамандарға көрсетіп, олардың кешенді кеңес-көмегін ала алады. Сондай-ақ мұнда Монтессори және емдік дене шынықтыру кабинеттері жұмыс істейді. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалық шақты қорғауға, олардың тәрбиесі мен дамуына барлық жағдай жасау керектігін алға тартты.

Осы орайда Рудныйдағы кабинет – инклюзивті білім беруге деген алғашқы қадам деп есептеймін. Өйткені кеншілер қаласында 1800-ден аса оңалтуды қажет ететін бала бар. Олардың төрттен үш бөлігі мектептер мен балабақшалардың арнайы топтарында білім алып келеді, – дейді Гүлнәр Досмұхамедова. Жаңа кабинетте жүз елу балаға мемлекеттіқ қызмет көрсету және 45 тәлімгерді кесте бойынша оқыту жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий