NIS кураторлары облыстың үш жүз мұғалімімен тәжірибе бөлісті

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп “Қашықтан оқыту жағдайында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары” тақырыбында облыстық вебинар өткізді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Онлайн жиынға аймақтағы жалпы білім беретін мектептің үш жүзге жуық сынып жетекшілері қатысты. Вебинарды НЗМ-нің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Гүлзат Шынтасова және Ақбота Жұмабаева жүргізді. Олар қашықтан білім беру жағдайында тәрбие бағытындағы жұмыстарды ата-аналарға ұйымдастырудың тәжірибелерін көрсетті.

«100 кітап», «Отбасылық сенбі», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Ақылды бейсенбі», «100 ән», «100 күй» және т.б жобалардың өткізілу ерекшеліктерімен таныстырып, әлеуметтік желідегі чаттарда ата-аналармен байланыс орнатудың қағидаларымен бөлісті. Тыңдаушылар вебинардан алған ақпараттарының өзектілігін атап өтіп, алдағы уақытта білім ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарында іске асыратынын кері байланыс арқылы білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий