“Қалдырған ізің…” бейне байқауы жарияланды

Қазанның бірінші жексенбісі елімізде жыл сайын Ұстаздар күні аталып өтеді. Мәртебесі биік мамандықтың қазіргідей қиын сәтте қадірі арта түскені анық. Осы орайда мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы “Қалдырған ізің…” атты бейне байқау жариялайды, – деп хабарлайды осы телеарнаның баспасөз қызметі.


Байқау мақсаты – шәкірт пен ұстаз арасындағы сүйіспеншілікті көрсете отырып, қоғамның мұғалім мамандығына деген құрметін арттыру. Жобаға қатысушы әр адам әріп танытып, қалам ұстатқан алғашқы ұстазына, тағдырдың сан қилы белестерінде жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, үлкен өмір жолындағы ұстаздарына арналған жүрек түкпіріндегі жылы естеліктерімен бөліседі.
 
Видеоны #ҚалдырғанІзің #МеніңҰстазым хэштегтерімен әлеуметтік желідегі парақшаға немесе press@kaztrk.kz электронды поштасына жолдай алады. Видео ұзақтығына шектеу қойылмайды. Ең әсерлі видеолар Ұлттық арнаның «Tansholpan» бағдарламасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий