“Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісінің иегеріне 2,7 миллион теңге сыйақы белгіленді

Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған постында жақсы жаңалықпен бөлісті, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Құрметті достар! Әріптестер! Өздеріңіз білетіндей, мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, олардың еңбектерін бағалауды еселей түсу үшін “Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін” деген Төсбелгі тағайындалып, оған қоса 1000 айлық көрсеткіш көлемінде, қазір оның сомамы 2,7 млн теңге жобасында сыйақысы да белгіленді. Бұл дегеніміз үлкен қолдау, ұстаздарға деген көрсетілген сый-құрмет! Бірер күннен кейін, ұстаздарымыздың кәсіби мерекесінде алғаш 15 төсбелгі өз иегерлерін табады. Қазір кандидатураларды іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Комиссияны облыс әкімінің орынбасары Құрманова Айзада ханым басқарып, оның құрамына мұғалімдердің салалық кәсіподақ төрағасы, қоғамдық ұйым басшылары мен ардагер ұстаздарымыз кірді.

Өз өтініштерін алты жүзден аса мұғалім порталға берді. Біздер арнайы мұғалімдер бітпейтін басшыларының “батасын” алып, табалдырықтарын тоздырмасын деген оймен, порталға тікелей, ешкіммен келіспей, жалтақтамай өтініштерін порталға беруін қамтамасыз еттік. Екінші жағынан, “алтын көрсе, періште жолдан таяр” дегендей, ешкімнің көзі мен көңліне жемқор құрт түспесін дедік… бұны өте маңызды деп білем! Өйткені, үздік ұстаз, біреудің алдында қол қусырып тұрмауы керек! Осындай принциптерге негізделген, қомақты қаражаты бар награда мұғалімдердің кәсіби өсуіне тағы үлкен серпіліс береді деген ойдамын. Жалпы мұндай марапаттың елуі қарастырылған.

Алғашқы он бесін алдағы мұғалімдер күнінде салтанатты түрде табыстасақ, қалған 35-і еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күнінде берілетін болады. Сондықтан! Естімей қалдым, білмей қалдым, үлгермедім деген әріптестердің құлағына алтын сырға! Жақын арада тағы осы марапат үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Біздің жазбаларды мұқият оқып, қадағалап жүріңіздер. Сондай-ақ, комиссия тарапынан барлық деңгейді қамту үшін квоталау енгізілді. Бәрімізге белгілі, республикалық, халықаралық пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жарыстарында дарынды мектептермен тайталасу қиын.

Ол қала мен ауыл мектептерінің нашарлығынан емес, әрине! Сондықтан, дарынды мектепке бөлек, ауыл мектептеріне бөлек, қала мектептеріне бөлек квота белгіленді. Сондай-ақ, колледж, қосымша білім, арнайы білім мұғалімдері бөлек қаралып, оларға квота бөлінді. Тағы айта кететін жәйт – біз алған премияның есебін алып тастадық! Яғни, мұғалім бұл премияны жасаған еңбегі үшін алды. Сондықтан ол өзінің жеке меншік қаражаты және қалай қайда жұмсайтынын өзі біледі! Міне, осындай жұмыстар жүріп жатыр, достар. Сонымен бөліскім келді. Сіздерді асыға Мұғалімдер күнінде күтемін! Барлықтарыңызға сәттілік!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий