Елжан Асилбаев, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директорының орынбасары: Қарашаш Айтуарқызына алғысымыз шексіз

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың бірі Қарашаш Ахметоваға ізгі лебізбен “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасын қуана қолдап, осы апталық басылымның бір жылдық жазылымын мерекелік тарту ретінде өз атымнан сыйға тартамын! Құрметпен қабыл алыңыз!

Қарашаш Айтуарқызы Сіз қоғамды жан-жақты дамытуға бағытталған әрбір заманауи өзгерісті жүрегіңізбен жылы қабылдап, шәкірттердің бойына тағылымды тәрбиемен қатар сапалы білім нәрінің дәнін ектіңіз. Мектеп қабырғасындағы ұл-қыздардың жан-жақты сауатты болуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз қажырлы қызметіңіз бен тынымсыз ізденісіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз.

Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, шәкірттеріңізді ғана емес бізді, яғни ұйымшыл ұжымымыздағы жас әріптестеріңізді де сабырлы мінезге қоса салиқалы да салмақты ақыл кеңесіңізбен ізгілікке тәрбиеледіңіз. Жас буын өкілдерінің үлкен өмірден өз орнын табуы үшін көрсеткен қолдау мен көмегіңізге ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Жоғары нәтижелерге қол жеткізуіміз жолындағы қамқорлығыңызға қарыздармыз. Сізді бітіруші түлектер мен оқушы шәкірттеріңіз ғана емес барлық ұжым мүшелері адами құнды қасиеттеріңіз үшін құрмет тұтады.

Ұғымтал ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаның қатарын көбейтуге зор үлес қосқан еліміздегі барша парасатты педагогтер қауымының ерен еңбегіне шын пейілмен алғыс айта отырып, мықты денсаулық пен баянды бақыт және жемісті жетістіктер тілеймін!

Елжан Еділбайұлы АСИЛБАЕВ,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп
лицей директорының адами ресурстарды
дамыту бойынша орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий