Ардақ Жалғасбаева, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп лицей директорының орынбасары: Ұстазым, өзіңмен мақтанамын!

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ұлағатты ардагер ұстазым НЕСИПБАЕВА Роза Абдрасилқызы. Ғибратты ғұмырының 41 жылын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Роза ұстазымның өмірі болашақ үшін  үлкен өнеге.  

“Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы”, – демекші бір  мектеп аясында бірге еңбек етіп жүрген әріптестеріне дұрыс бағыт-бағдар беруден жалыққан емес. Әрдайым өзінің білім жолында алған тәжірибелерін өзге ұстаз өкілдерімен бөлісіп отыратын. Майталман мұғалімнің аса жауапкершілігіне қоса терең ілім иесі болуымен қатар бойына кемел қасиеттерді жинағанына менің ғана емес талай танитындардың да мың мәрте көзі жеткен болатын. Талапты шәкірттерін биік белестерге жетелеген ұлағатты ұстазымыз бүгінде адал жар, асыл ана, әзиз әже.

Біліктілігі мен білімділігі қатар өрілген парасатты педагогты жас ұрпақ үлгі тұтып, мақтан етеді. Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз баянды, отбасыңыз аман болсын! Әрқашан айналаңызға нұрыңызды шашып, жадырап жүре беріңіз. Мерейлі мерекеңізге ыстық ықыласпен  “Білімді ел – Образованная страна” республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінің бір жылдық жазылымын өзіңізге сыйға тартамын. Қабыл алыңыз.

Ардақ Алғашбайқызы ЖАЛҒАСБАЕВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп
лицей директорының тұлғаны әлеуметтендіру
бойынша
орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий