Ғалия Құлшыманова, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директорының орынбасары: Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Иә расымен де, келешектің кемесінің тізгінін ұстар жас буынға тәрбие мен білім нәрін шашып жүрген әрбір мұғалімді ұлтымыздың ұлы қаһарманы дер едім. Жаратылысымыздан болашақ үшін деп туған біз, қызығы мен шыжығы мол жолда қашан да, қайтпас қайсарлығымызбен, асқан батылдығымызбен, үлкен еңбекқорлығымыздың арқасында тек биіктерден көрініп келеміз.
Біздің ұжым – үлкен бір отбасы. Біздің үлкен отбасымыздың мүшесі құрметті ЖУБАНОВА Бакыт Дауренбекқызы, ұстаздық жолда барыңызды беріп, бәрін салдыңыз, ендігі зейнетіңіздің бейнетін көріп, еткен еңбегіңіздің жемісін жеп, сәулелі ғұмырыңыз жарқын болып, өмір бәйгесін алуыңызға тілектеспін! Сізге “Білімді ел – Образаванная страна” республикалық газетінің бір жылдық жазылымын мерекелік тарту ретінде сыйға ұсынамын. Қабыл алыңыз!
Ғалия Кахармановна ҚҰЛШЫМАНОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей
директорының білім беру қызметінің сапасын
арттыру жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы