Ұстазыма мың алғыс!

Ұстаз  болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, алғаш әріп үйреткен менің сүйікті де, ең алғашқы ұстазым Анар АХМЕТҚАЛИҚЫЗЫНЫҢ ерен еңбегі мен қызметін жоғары бағалаймын.

Мен оқу озатымын. Ұстазымыз бізге көп нәрсе үйретті. Әр сабағын қызықты етіп өткізеді. Бізді тәртіпті, жан жақты болуға тәрбиелейді. Мұғаліміміздің берген білімін ынтамен ұғып, санамызға құйып алуға тырысамыз. Анар Ахметқалиқызының берген білімінің арқасында сыныптастарымызбен бірге халықаралық және республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүрміз. Менің ұстазыма деген алғысым шексіз.  “Шәкірттеріңіздің білімі арта берсін!» – деп тілек білдіргім келеді.

Қосу, алу амалын,
Көбейткіш пен бөлгішті.
Шаршы ауданын есептеп,
Білім беріп оқытқан.
Ондықпенен бірлікті,
Жалғауменен жұрнақты.
Ажыратып үйреткен,
Ұстазыма мың алғыс!

Даниал ТӨЛЕП,
Талдықорған қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің 4 «А» сынып оқушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий