Облыстық ұйым жас мамандарға арнап акция ұйымдастырды
“Қуаныш сыйлай білейік”. Осындай атаумен Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жаңа оқу жылында кәсіподақ мүшелігіне кірген жас ұстаздарға қолдау білдіру мақсатында акция ұйымдстырды, – деп хабарлайды осы жергілікті қоғамдық ұйымның баспасөз қызметі.
Шарада облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жас ұстаздардың еңбек жолының басталғанымен құттықтап, аталған акцияның мақсатын айқындап, кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге тоқталды. – Еліміз қиын кезеңді бастан өткерді. Індетпен күрес әлі де жалғасуда. Мемелекет тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Кәсіподақта мүмкіндігінше мүшелеріне сауықтыру орындарына жолдама беріп, қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздарды қажетті заттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жүргізді. Енді жас мамандарға да назар аударып, білім беру ісін бастаған мұғалімдерге қолдау танытпақ ниеттеміз, – деді өз сөзінде Мэлс Құлмұханұлы.
Қоғамдық бірлестіктің төраға орынбасары Болат Кәметұлы жас ұстаздардың атқарған жұмысын жоғары бағалап, болашақ мұғалімдерге байланысты өзгеретінін айтып, келе жатқан төл мерекемен құттықтады. Акция барысында облыстық ұйымның бағалы сыйлығын М. Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Қаламқас Әсетова, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақбөпе Есенғұл, №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Талшын Жаратқан иеленді.
Талдықорған қалалық филиалына қарасты білім беру мекемелеріндегі жас ұстаздардың атынан Қаламас Бейбітқызы ұстаз атанып, марапатқа ие болғанына қуанышты екенін жеткізіп, облыстық ұйымға алғысын білдірді. Айтулы шарада білім саласында жұмыс істеп жатқан Жетісулық жастар ойларын орта салып, өзара пікір алмасты.
Загрузка...