Елордадағы онлайн баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен педагогтердің құқығына қоса әдеп мәселелері сөз болды
Бүгін түстен кейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқық-тарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңесті құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қашықтан ұйымдастырылған бұл басқосуға спикерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңестің төрағасы Көптілеуова Багымкүл Әбубәкірқызы мен “Қолдау” “Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселері жөніндегі Кеңестің мүшесі Эйвазова Фарида Сағындыққызы және Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім қызмет-керлерінің кәсіптік одағының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңестің мүшесі Алиев Батыр Әлиұлы қатысып, көптеген сұрақтарға нақты жауаптер берді.
Загрузка...