А-31 тобының ата-аналары: Ұйымшыл ұжымның ұстаздарын ұлықтаймыз

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”, – дегендей болашақтың баласын да, данасын да, ғалымын да еңбекқор егіншісін де, тәрбиелейтін – ол ұстаз. Ұстаз – әрбір шәкіртін өз баласындай көретін, шәкірттері үшін екінші анасындай бола алатын, ерекше тұлға. Біз балаларымызды ұрпағым десек, ұстаздар студенттеріне шәкіртім деп қарайды.

Әрбір ата-ана өзінің баласы үшін тек жақсы нәрсені беруге тырысады ғой. Болашақта өз орнын айқындап, мықты маман болып қалыптассын деген ниетпен балаларымыздың Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжін таңдауына себепкер болдық. Облысымыздағы педагогикалық білім берудің үздігі ретінде танылған оқу орнында ұл-қыздарымыздың білім алып жатқанына ризамыз. Қазіргі жаһандану заманында ата-ана ретінде балалардың біліммен қатар ұлттық тәбиенің озық үлгісін көріп жатқанымызға іштей қуанамыз да.

Ағылшын тілінің мұғалімі боламын деген жастар көбінесе еуропаға еліктейтіні рас. Алайда балаларымыздың колледж қабырғасында еліктеушіліктен бұрын, кәсібилікке, педагогикалық шеберлікке, тұлғалық қалыптасуға бет бұрғаны байқалады. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұжымы мен ағылшын тілі кафедрасының ұстаздарын құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктерге қоса толағай табыстар тілейміз.

Ұстаз, шіркін, мына әлемнің тірегі,
Болашақтың бетке ұстар жүрегі.
Білім меннен тәрбиені нық ұстап,
Шәкірттерін баласындай көреді.
Сіздерден асқан асыл жоқ,
Сіздерден асқан батыр жоқ,
Ұрпағым сізге аманат,
Шығар сіздей маман боп. Сонымен қатар, “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің бір жылдық жазылымын бір топ ата-аналар атынан шын жүректен сыйға тартамыз.

А-31 тобының ата-аналары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий