Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі кафедрасы ардагер ұстаз Лена Искаковаға ерекше сыйлық ұсынды

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің майталман мұғалімі Искакова Лена Исполовна өзінің төл мерекесі қарсаңында оқушыларының дайындаған тосын сыйына ие болды. «Мұғалім» және «оқушы» ұғымдарында өткен шақ жоқ. Лена Исполовна елу төрт жылын өзінің сүйікті кәсібіне арнаған құрметті мұғалім, оның ішінде Абай атындағы Республикалық орта мектеп-интернатында 44 жыл дарынды балаларға сабақ берді, – деп хабарлайды Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. 

Әрқашан білім саласындағы жаңалықтарға қызығушылық танытатын құрметті еңбек демалысындағы аға буын ардагер ұстаздың жанынан енді әрдайым “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газеті табылатын болды. Кәсіби төл мереке қарсаңындағы ерекше құнды сыйлық ретінде біздің білім ордасының ағылшын тілі кафедрасы алдағы 2021 жылдың жазылымы табысталғанын растайтын арнайы сертификатты ізгі ілтипатпен ұсынды.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы білім саласында қажырлы қызмет атқарған Лена Исполовна жаңа заманның жалынды жастарының қамқорлығына зор ризашылығын білдіріп, ақыл кеңесімен бөлісті. Өнегелі өмірімен үлгі ғибратты ғұмыр иесі екі рет “Үздік мұғалім” ордені және Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталып, “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері” атағын алған абыройы асқақ әзиз ана, парасатты педагог. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий