Бүгін 2 778 000 теңге сыйақы алатын биылғы жылдың ең үздік педагогтері анықталады

Бүгін, 2 қазан сағат 11:00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Мерекелік жиын барысында “Үздік педагог-2020” байқауының жеңімпаздары анықталады. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Сондай-ақ мұғалімдерге бұл күні білім беру саласындағы жоғары награда – “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі табысталады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ “Хабар 24” республикалық телеарнасы арқылы сағат 11:00-де көрсетіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий