Павлодар облысы: 2020 жылғы үздік педагогтердің есімдері аталды

Облыс орталығындағы Достық үйінде кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған “Мектептің жүрегі – мұғалім” кездесуінде Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы педагогтарға “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісін және “Ыбырай Алтынсарин” медалін табыс тады, – деп хабарлайды жергілікті салалалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Мереке қарсаңында облыстық педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. «Жыл мұғалімі-2020» байқауының қорытындысы бойынша облыстық дарынды балаларға арналған №3 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шабажанова Динара Калиаскаровна облыстың үздік педагогы болып танылды.

Байқау жүлдегерлері Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сарсенов Тулеген Мамрасилович (1 орын), павлодарлық №11 мектептің математика мұғалімі Садыков Рустам Талғатбекович және Қалқаман мектебінің химия мұғалімі Солтанхан Арыстанбек (2 орын), Май ауданының химия мұғалімі Дюкеева Жансая Мукангалиевна және облыстық көпсалалы лицейдің химия мұғалімі Сагитова Мадина Николаевна (3 орын).

«Жыл тәрбиешісі-2020» байқауында Павлодар қаласының №29 “Мерей” балабақшасының тәрбиешісі Кузьгова Зарина Жабраиловна жеңіске жетті. Екінші орынды Екібастұз қаласының №18 “Гномик” балабақшасының музыкалық жетекшісі Жапарова Қарлығаш Құдайбергенқызы, үшінші орынды Шарбақты ауданының жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі Ермоленко Екатерина Александровна иеленді.

Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы педагогтарға еңбекқорлығы, шығармашылық ізденісі мен бастамашылдығы үшін алғыс айтып, кәсіптің жоғары мақсатын ақтай отырып, кәсіби өсу деңгейін одан да жоғары көтеруді тіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий