Ұстаздардың бәрі құрметке лайықты

Ұстаздардың бәрі құрметке лайықты. Менің ұстаздарым мен үшін ерекше құрметті адамдар. Мен бірінші сыныпқа келгеннен бері менің ұстаздарым Салтанат Серікқызы мен Мадина Мұратқызы бізге үлкен еңбек етіп, жан-жақты білім беріп келеді. Біздің ұстаздарымыздан үйренетініміз көп. Ұстазымыз бізді білімге құштарлыққа, шынайылыққа, әділдікке тағы басқа қасиеттерге баулып келеді.

Ол кісілердің әр айтқанын ойымызға түйіп, еңбектерін ақтауға тырысудамыз. Ұстаздарды сыйлау, оларға сөз келтірмеу біздің міндетіміз. Ұстаздарымды мереке қарсаңында қуанту мақсатында «Ұстаз -ұлы есім» атты қолөнер байқауына қатыстым. Өйткені біздің әр жетістігіміз ұстазымызға қуаныш сыйлайтынын білемін. Мұғадімжер мерекесіне орай өз ұстаздарым Салтанат Серікқызы мен Мадина Мұратқызына арнап өз қолымнан гүл шоғын әзірледім. Мерекелеріңіз құтты болсын менің сүйікті ұстаздарым!

Жанерке ЕЛДОСҚЫЗЫ,
Талдықорған қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің 3«В» сынып оқушысы                     

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий