Үлкенді сыйлау ізеттіліктің белгісі
Қазыналы қарттарды сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгінгі таңда, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер (Н.Назарбаев).
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ардагерлер ұйымдарын әрқашан қолдап отыратынынын басшылыққа ала отырып, ардагерлердің ел өмірінде ерекше орны бар екендігі ұжымдағы басқосуда айрықша атап айтылды. Осындай ізгілікті істі қолға алған қызметкерлеріміз бірлескен түрде қазыналы қарттардың үйлерін аралап, кездесулер кезінде 63-80 жас аралығындағы қырық сегіз аға буын ардагерге бір реттік материалдық көмек жасалды. Бұл біздегі дәстүрлі шаралардың бірі болатын. Құрмет көрсету барысында құрметті еңбек демалысындағы зейнеткерлердің басқа да қандай мұқтаждықтары бары сұралып, қажеттіліктеріне баса назар аударылады.
Титаева Зинаида Петровна ауданымыздағы қарттардың атынан республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығы мен мамандардың үлкен ізеттілігіне зор алғысын жеткізді. Жыл сайын еңбек ұжымының шешімімен әлеуметтік қолдауға зәру азаматтардың жеке санатына көмек қолын созуды көздейтін бағдарлама бойынша түрлі шаралар тұрақты жүзеге асырылуда.
Сейсен БЕЙІМХАН,
“Балдәурен” республикалық оқу
сауықтыру орталығы еңбек ұжымының
төрағасы, Ақмола облысы