Бейне дәріс: Адалдық сағаты ұйымдастырылды

Біздің білім ордасының 5-11 сынып оқушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы адалдық сағатын ұйымдастырды. Бұл басқосу қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.

Мәртебелі мейман алғы сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», – деді.  Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Бейне-дәріс барысында парасаттылық ұғымының  адамгершілік қасиетпен байланысын айта отырып, Абайдың бес асыл іс арқылы адам бойынан табылатын қасиеттерін өте жақсы айтып өтті. Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту. Бейнедәріс барысында оқушылар бойында парасаттылық, адалдық қасиетінің маңыздылығы арта түскені анық.

Арайлым АХМЕТЖАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта
мектебінің мұғалімі, Қостанай облысы,
Алтынсарин ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий