Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен” әлеуметтік жобасын бір ауыздан қолдайды

Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы “Білімді ел – Образованная страна” республикалық білім беру қоғамдық – саяси газетінің бастамасымен жарияланған “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен” әлеуметтік жобасын қолдай отырып, республикамыздың педагогтерін мұғалімдер күні кәсіптік мерекесімен құттықтайды. Департаменттің барлық қызметкерлері өздері оқыған,  өмірде және мемлекеттік қызметте жұмыстарына қажетті білім және дағды алған  сүйікті мектептеріне  республикалық газеттің бір жылдық жазылымын  сыйға тарту етеді.

Коллектив Департамента по обеспечению качества в сфере образования города Нур-Султан Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства, поддерживая социальный проект “Моему учителю   с любовью!”, инициированный республиканской образовательной общественно-политической газетой “Білімді ел – Образованная страна”, поздравляет педагогов страны с профессиональным праздником – Днём учителя! Все сотрудники Департамента дарят годовую подписку на  республиканскую газету своей любимой школе, в которой они учились и получили знания и навыки, необходимые в жизни и в работе на государственной службе.

Түркістан облысы Созақ ауданында тамырын тереңге салған тоқсан екі жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев атындағы мектеп ұжымына ұстаздар мерекесіне орай «Білімді ел» – «Образовательная  страна» газетінің бір жылдық жазылымын сыйлаймын. Педагогтік жолды таңдауыма себепші бола білген ұстаздарыма, әсіресе халық ауыз әдебиетінен әрбір образға жан бітіре үзінділерді жатқа оқитын, оқушы бойына әдебиетке деген қызығушылықты оята білген ағайым Мергенбай Салықбайұлына шексіз алғысымды білдіремін. Бүгінде пандемия кезінде жауапкершілікпен қызмет етіп жүрген мектеп басшысы Оразхан Кәдірханұлы басқарып отырған ұжымға кәсіби өрлеу, шығармашылық табыс, жаңашыл бастамалар тілеймін.

Оразкул Әбсеметқызы ЖОЛДАСБЕКОВА, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары

Я хочу подарить подписку на республиканскую газету «Білімді ел-Образованная страна» Индустриальной сельской средней школе Нуринского района Карагандинской области, где я училась и  работала после окончания вуза. В ней работали и работают замечательные люди, посвятившие своей работе всю свою жизнь, подарили нам не только знания, но и свою любовь. Хочу выразить благодарность своим учителям и своей сестре – Жусуповой Сабире, которые стали для меня образцом для подражания и оказали влияние на выбор специальности! Спасибо Вам за душевное тепло, за мудрость, за честность и терпение, преданность делу.

Нагима Тулеуовна РЫСПЕКОВА, начальник отдела Департамента по обеспечению качества в сфере образования города Нур-Султан

 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша ұжымына ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне алғыс айтып, мұғалімдер күні мерекелерімен құттықтаймын. Қымбатты да, қадірлі  ұстаздарыма осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті  абыроймен атқарып жүргендеріңізге рахмет айта отырып, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын сыйға тартамын.

Айгерим Алмисаевна ЧИНЯБЕКОВА, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы

 

Қызылорда облысы Сырдария ауданы № 126 қазақ орта мектебінің ұжымын «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтап, «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын сыйға тартамын. Мемлекеттік қызметте жеткен жетістіктерім Сіздердің берген білімдеріңіз бен ерік-жігерлеріңіздің арқасында екенін мойындаймын, ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңізге шын пейіліммен алғысымды білдіремін.

Аймереке Бақытбекқызы ДОСБОЛАЕВА, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы

Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылының Ә. Ахметов атындағы орта мектебінің ұстаздарын Мұғалімдер күнімен құттықтап, «Білімді Ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын сыйға тартамын. Білім көшінің басында келе жатқан ұстаздарыма алғысымды білдіре отырып, тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз еселене берсін демекпін.

Азамат Асхатұлы ФЕРМЕБЕК, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы

Қарағанды облысы Нұра ауданы Құланөтпес ауылы орта мектебінің ұжымын «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, «Білімді Ел – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын сыйға тартамын. Алғашқы ұстазым бүгінде өмірден озған Алма Атагожинаға, одан әрі білімімді жандандырған ұстаздарым Шәйім Құрманғозина, Асыл Шокаева апайларыма алғысымды білдіремін. Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Ақбөпе Боранбайқызы НҰРМАҒАНБЕТ, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Лақалы ауылындағы сексен жылдан астам тарихы бар № 93 орта мектебінің ұстаздарын  төл мерекелерімен құттықтаймын. Қолыма алғаш қалам ұстатқан ұстазым Света Оңдабаева, сынып жетекшім Гүлбақыт Тәңірбергенова, өзімнің анам, ұстазым Сара Бисеналиева және Раиса Рахметова, Ұлпан Тәуекелова, Жібек Ілиясова, Зибаш Тұрғанбаева апайларыма дендеріне саулық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» әлеуметтік жобасы аясында «Білімді ел­ – Образованная страна» республикалық газетінің бір жылдық жазылымын сыйға тартамын.

Үміт Мархабайқызы ҚҰТТЫБАЙ, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий