Дана Байдильдинова үздік педагогтердің қатарынан көрінді

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі Дана БАЙДИЛЬДИНОВА биылғы ұтаздар күні қарсаңында қорытындыланған еспубликалык байқауда “Үздік педагог-2020” атағына ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Дана Қалқақызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде білікті маман, жаңашыл әрі ізденімпаз ұстаз. Ол екінші сынып бойынша «Қазақ тілі» оқулығының редакторы, 9-сыныпқа арналған «Оқылым тапсырмалары», «Қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жиынтығы» әдістемелік оқу құралдарының авторы. Сонымен қатар, мектепте «Lesson study», «Action research» жобаларының көшбасшысы. Мектеп ұжымы және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен бағалау, жаңа әдістер, зерттеу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып отырады.

Отыз жылдан асқан педагогикалық тәжірибесін қорытындылау мақсатында екі жыл бұрын Омбы (Ресей) мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасына түскен кейіпкеріміз, диссертациялық жұмысын жазуда. “Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды”, – демекші Дана Қалқақызының шәкірттері де халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларда, түрлі байқауларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий