Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Педагог қызметкердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ ұстаздары марапат биігінен көрінді. Өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие мен бағалы білім беруде өлшеусіз еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін мектептің жиырма мұғалімі директордың Алғыс хатына ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада білім ордасының басшысы Бахыт Жұматай жыл үздіктерін құттықтап, ұстаз мамандарының бала тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті. — Ұлылар «мұғалімдер адамның жанын сауықтырады» деп бекер айтпаған. Ұстаз алдына келген шәкірттің бойындағы рухани ауруларды көзбен анықтап, оны емдей алу керек. Оқушылардың көңіл-күйін сезе білу, қажеттіліктерін түсіне алу өте қиын. Осындай маңызды да жауапты істеріңізде шығармалық табыстар тілеймін. Жасап жатқан еңбегіңіздің жемісін көре беріңіздер, — деді Бахыт Әмірханұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий