Мұғалімнің негізгі қаруы – кәсіби шеберлік

Қазіргі кезде қоғам талабына сай, кәсіби іс-әрекетке даярлықтан өткен, шығармашылық қабілеттері дамыған, жаңашыл сипаттағы мамандарды даярлау міндеті тұр. Себебі, бастауыш сынып оқушыларына  білім беруде, тәрбиелеуде осы қасиеттер аса қажет. Ол үшін мұғалімнің негізгі қаруы – кәсіби шеберлігінде. Яғни өндірісте, өнеркәсіпте ғылымда тың идея ұсынып, үлкен жаңалық ашушы адам, новатор.

Осы орайда «Өрлеу» БАҰО»  акционерлік қоғамының  филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-ның жоспарына сәйкес, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, жаңа идеялар мен шығармашыл-новатарлық жұмыстарды анықтау, зерттеу, тарату мақсатында «Кәсіби мектеп №1 (ғылыми-зерттеушілік жұмыс, үздік сабақ үлгілері, шығармашыл-новаторлық жұмыстар)»  тақырыбында облыстық форум  ZOOM платформасы бойынша ұйымдастырылды.

Форум  барысында аудандық, қалалық білім бөліміне қарасты коммуналдық мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары мен іс-тәжірибелері тыңдалды. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу мұғалімнің басты мақсаты екенін. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері әр сабақты түрлендіріп өткізуге, проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, зерттеу жұмыстарын, шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеуде шығармашылық ізденіс сабақтарының ықпалы көп екенін пікір алмасу барысында ой қозғады.

Бастауыш сынып оқушыларына пәндер бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде құрастырылған  сабақ жоспарларында белсенді әдіс-тәсілдерді, саралау тәсілдерін кіріктіре отырып ұйымдастырулар талқыланды. Форумға қатысушылар бастауыш сынып оқушыларына белсенді әдіс-тәсілдерді, саралауды тиімді жоспарлау қажет екеніне көз жеткізді. Форум соңында педагогтер алған әдістемелік көмектері үшін алғыстарын білдірді, алдағы уақытта қашықтықтан оқыту  жағдайында  филиалдың ПО, тренерлік құрамымен бірлесе іс  шаралар  ұйымдастырудың маңыздылығын   айтты. Ойымды қорытындылай келе, әр ұстаз – жаңа ғасыр ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, шығармашыл-новаторлық кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Мереке Исламбекқызы ҚАЛЫМБЕТ,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы
және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ
“Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш
оқыту” кафедрасының аға оқытушысы, тренер

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий