Маңғыстау облысы бойынша бес педагог республикалық байқаудың үздігі атанды

Мұғалімдер күні мерекесіне орай Білім және ғылым министрлігі республикалық «Үздік педагог» байқауы  жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімін барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы ұйымдастырылуы барысында маңғыстаулық бес педагог үздік атанды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалықіс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне Маңғыстау облысынан мектепке дейінгі, жалпы білім беру және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының сегіз педагогы жолдама алған болатын.

Шара барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрге айналған «Үздік педагог»  танылған педагогтарды төл мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Байқаудың қорытындысы бойынша маңғыстаулық бес педагог  жеңімпаз атанды. Олар: Байназаров Қуат Кеңгесұлы Мұнайлы, ауданы №3 орта мектептің география пәні мұғалімі; Ізтурганова Майра Аманжанқызы, Маңғыстау ауданы Шетпе гимназияның музыка пәні мұғалімі; Сүлейменова Қарлығаш Амангелдықызы, Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе» лицейінің физика пәні мұғалімі; Қарабасова Жамила Джанабайқызы, Ақтау қаласы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің «Машина жасау технологиясы» мамандығының арнайы пән оқытушысы; Мұратова Батис Альпысбайқызы, Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы. Жеңімпаздар «2020 жылдың ұздік педагогі» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ  1000 АЕК (2 778 000 теңге) сомасында сыйақы табыс етілді.

        

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий