Қашықтан оқыту технологиясының болашағы бар
Қашықтан оқыту технологиясы білім алудың болашағы бар тәсіл. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусына байланысты пандемия жариялады. 16 наурыздан 5 cәуірге дейін мектеп оқушыларына демалыс жарияланды.Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсанда оқушылар қашықтан оқи бастады. Әрине бұл төтенше жағдай болғасын мектеп басшыларына, мұғалімдерге, ата-аналарға және де оқушыларға оңай соққан жоқ. Дегенмен мектеп басшымыз Н.Самендирова ханым жас болсада бас болып дереу мынадай жұмыстар жасалды.
Яғни мектепте қолданыста тұрған компютер, ноутбуктерді мектептің көп балалы ата-аналарға, аз қамтылған отбасыларға, және де мүгедек отбасыларына көмек ретінде уақытша қолданысқа берді. Мектептің ІТ мамандарын жинап мұғалімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша төртінші тоқсанды сәтті аяқтадық. Биылғы жаңа оқу жылына арналған жоспарлар жарияланып, бірінші тоқсан нақты қашықтан ұйымдастырылатындықтан республика бойынша білім беру ұйымдарының барлық педагогтері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренемін» бес модульден тұратын онлайн-курсында білім алуда.
Көзделген мақсаты – мұғалімдерге оқушылармен қашықтықтан жұмыс істеудің барлық қырларын үйрету және түсіндіру болып табылады. Сол аталған курстан өтіп сертификатталдым, және оқытудың қыр-сырын үйрендім. Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың тиімділігі оған енгізілген педагогикалық мағынамен анықталады, оның түсіндірулерінің ішінде екі түрлі көзқарасты бөліп көрсету керек. Біріншісі, бүгінгі күні кеңінен таралған, қашықтықтан оқыту арқылы мұғалім мен оқушы арасында ақпарат алмасуды білдіреді.
Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі бұл әрине, АКТ құралдарын қолдану : Darynonline, Bilimland, Zoom, classroom, googlemeet, Mektep edu сияқты қазақстандық платформалар. Осы платформаларды ыңғайына қарап қолданып, оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндк алдым. Осы телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде әр түрлі слайдттар, видео роликтердің түрлерін қолданып оқушыларға көрсетіп сабақтарды өтіп жүрмін. Екінші тәсілде қашықтан оқытудың басым бағыты сыныптарға қарай синхронды түрде жүргіземін сонымен қатар асинхронды яғни электрондық пошта немесе ватсап желісінде тиімді қолданып жүрмін. Биылғы оқу жылында Mektep edu.kz порталына бірнеше жаңа бетшелер енгізілді.
Бұл бетшеге алдын-ала материалды жүктеуді және оларды оқушыларға сабақ үстінде қалай экранға шығаруды үйрендім. Ең маңызды айтатын жәйт бұл бағалау. Бағалаудың он баллдық жүйесі енгізілген. Сабағымда осы он баллдық жүйеге сай келетін тапсырмаларды қолданып, оқушыларды бағалап жүрмін. Қүрметті қазақ елі, әріптестер, ата-аналар және де қымбатты шәкірттер! Осындай бүкіл әлемдік пандемия кезінде барлығыңызды сабырлы, шыдамды болуға шақырамын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
Курултай Хожабайқызы ХОЖАБАЕВА,
№14 жалпы білім беру орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, мектеп тренері
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы
I learn to teach distance learning. Distance learning technology is a future approach to education. On March 11, the World Health Organization declared a pandemic due to the Covid-19 coronavirus. From March 16 to April 5, a holiday was announced for schoolchildren. In the fourth quarter of the year, students began to study remotely in schools of the country. Of course, this was not an easy work , but it was not easy for school principals, teachers, parents and students. But our school director Samendirova N. T provided temporary assistance to low-income familyies, with disabilities. Gathered IT specialists of the school and carried out explanatory work with teachers. Thus, we successfully completed the fourth quarter.
As plans for the new school year are announced and the first term will be organized remotely, all teachers of educational institutions across the country are trained in an online five-module course “Learning Distance Learning” developed by the Center of Excellence “Nazarbayev Intellectual Schools”. The goal is to teach and explain to teachers all aspects of working remotely with students. I was certified after that course, and learned the ins and outs of distance teaching.
One of the most promising ways of education today is distance learning with the use of modern telecommunication technologies, in particular, the Internet. The effectiveness of distance learning is determined by the pedagogical meaning embedded in it, among which there are two different approaches. The first is the exchange of information between teacher and student through distance learning, which is widespread today. In the second method, the priority of distance learning is synchronous depending on the class, and I use it asynchronously, in e-mail or WhatsApp.
The main thing in the organization of distance learning, of course, is the use of ICT tools: Kazakhstani platforms such as Darynonline, Bilimland, Zoom, classroom, Googlemeet, Mektep edu. By using these platforms at my convenience, I am able to increase the effectiveness of distance learning and learning by choosing digital tools that meet the learning objectives. On the basis of these telecommunications and information tools, I teach students using different types of slides and videos.
This academic year, several new pages have been added to the Mektep edu.kz portal. I learned how to pre-load the material on this page and show it to the students during the lesson. The most important thing is the assessment. A ten-point grading system is introduced. In my lessons, I assess students using tasks that fit this ten-point scale. Dear Kazakh people, colleagues, parents and dear students! I urge all of you to be patient during such a global pandemic. May our country be safe and our people be peaceful!
Khozhabaeva Kurultay Khozhabaevna,
English teacher, school coach, “№14 comprehensive
schools” of the department of education of Munaily
district, Mangistau region, Munaily district, Baskuduk