Есесін жібермейтін есепшілер мерекесі

Нарықтық экономикаға көшкен елімізде көптеген мамандарға ерекше сұраныстың бар екені анықталды. Есебін дұрыс жүргізген фирма ғана өзінің нарықты жетістікке жете алатынын уақытта дәлелдегендей еді. Осы тұста еліміздің іргелі білім ордасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ – де «Есеп және аудит» кафедрасы 1992 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Жақыпбековтың басшылығымен құрылды.

Бухгалтерлік есеп – бұл барлық шаруашылық операцияларды жаппай, үздіксіз құжаттық көрсету жолымен компанияның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың реттелген жүйесі. Бухгалтер осы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оны жинақтап, қорытындылып, қаржылық есептілікті дайындап ұсынушы.Ендеше компанияның кірісі мен шығысын бақылап, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуші тұлға. Бухгалтердің міндеттері – компанияның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы қаржылық есептіліктің ішкі пайдаланушыларына – компания басшыларына, құрылтайшыларына, қатысушылары мен мүлкінің меншік иелеріне, сондай – ақ сыртқы инвесторларға, кредиторларға және қаржылық есептіліктің басқа да пайдаланушыларына қажетті толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру.

Компанияның шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және олардың орындылығын, мүлік пен міндеттемелердің бар болуы мен қозғалысын, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау үшін қаржылық есептілікті ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Компанияның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау.

Осындай жауапкершілік жүктелген мамандарды дайындау барысы қиын да қызықты. Ол жан жақтылықты талап етеді. Әрине маңыздысы оқу процессі. «Есеп және аудит» кафедрасында мамандық бойынша оқу бағдарламасы әзірленіп, министрлікпен мақұлданған. 6В04130 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған бағдарламада студенттің жан жақты дамуы қарастырылған. «Жаңа білімдерді қордалау және жоғары оқу орнын кәсіпкерлік университетке түрлендіру негізінде еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыру» деген ОҚМУ миссиясына сай нарықта сұранысқа ие маман дайындау мақсатын алға қойған кафедраның оқу жоспарында кәсіби пәндермен бірге Абайтану, Мұхтартану пәндерінің студенттерге білім берудің оқу жоспарына енгізілуі маңызды деп санаймыз.

Жастар олардың өмір жолы мен еңбектерімен терең танысу қазақи болмыс пен барлық ізгілікті бойына сіңіруіне ықпал етері даусыз. Қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығын сезіне отырып студент жастарға білім беруде жоспарына «Ұлттық сананың қалыптасуы мен рухни жаңғыру негізіндегі қоғамдық ғылымдар» модулі бойынша «Елбасытану», «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» пәндері оқытылса, «Коррупцияға қарсы мәдениет негіздері», «Мәңгілік ел құндылықтары» деп аталатын компоненттер бар.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяу жылдардағы басты міндеттердің негізгісі ретінде қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын біртіндеп жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп отыр. Ұлт зиялылыларының еңбегін қолжазба нұсқасында оқу мүмкіндігіне ие болатыны қуантарлық мәселе болып отыр. Осы орайда латын тілін меңгертуді бастауға көмек беретін «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» пәнінің енгізілуі дер кезінде орындалған істің бірі ретінде баға беруге болады. Кафедраның оқытушы педагогикалық құрамының білім беруді жүзеге асыруда қосып отырған үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Кафедрада екі ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты мен магистрлар қызмет атқарады.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай жұмыс жасайтын бухгалтерлерді дайындауда кәсіби сертикатталған үш кәсіби бухгалтер маман қызмет атқарады. Осы ОПҚ жыл сайын өздерінің ғылыми ізденіс нәтижелерін түрлі басылымдар: Scopus, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің басылымдары Тізіміне қосылған журналдарда, халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектерінің жинақтарында жариялап қана қоймай, зерттеу нәтижелерінде алынған жаңалықтарды өндіріске және оқу процессіне енгізу актілері жасалған. Сондай ақ кафедраның ОПҚ жыл сайын оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, баспадан шығаруда.

Жастарға білім берумен бірге тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылғандығы жетістігіміздің бірі деп айтуға болады. Жастардың құндылықтарды меңгеру арқылы ұлттық кодтың ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылыққа қол жеткізу мүмкіндігіне толық жағдай жасалып, түрлі бағыттарда тәлім тәрбие жұмысы жүргізіледі. Біліктілікті жоғарылату жұмысы бойынша 2019-2020 оқу жылында кафедра ОПҚ түрлі семинарлар мен тренингтерге, мастер кластар мен кәсіби біліктілікті жоғарылату курстарына қатысып, сертификаттарға иемденде.

Оқыту нәжижесінің мықты екенің дәлелі ретінде мамандық бойынша абитуриенттер санының жылдан жылға артуын айта аламыз. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып отыр. Сондай ақ кафедра жұмысының нәтижесі жұмысқа орналастыру көрсеткіштерімен онықталатыны белгілі. Бұл орайда білім алушылардың басып көпшілігінің тек жұмысқа орналасып қана қоймай, экономикамыздың түрлі салаларында басшылық қызметтер атқарып отыр. Біз өз түлектермізбен мақтана аламыз. Біздің бітіруші түлектер арасында 10 ғылым кандидаттары мен магистрлер, ұлттық компаниялардың басшылары мен кәсіби аудиторлар бар.

Жалпы алғанда «Есеп және аудит» кафедарасының білім берудегі үлкен әлеуетінің есеп және аудит саласында мамандар даярлауға қосқан үлесінің көп екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Оны одн да арттыру жолында қызмет жалғасып та жатыр. «Есеп және аудит» кафедрасы барлық бухгалтерлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды, Қоғам үшін пайдалы, өзіңіз үшін – жаныңызға рахат сыйлайтындай елеулі еңбектеріңіздің нәтижесі толағай табыстармен толықсын. Барлық бастамаларыңыздың орындалуы мен болашаққа айқын бағдар тілейміз.

Салтанат СЕЙІТБЕКОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ “Есеп және аудит”
кафедрасының меңгерушісі, экономика
ғылымдарының кандидаты, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий