Павлодар музыкалық кешенінің оқушысы Батырхан Шөкенов атындағы стипендияның иегері атанды

Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қор Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Батырхан Шөкенов атындағы 2020-2021 оқу жылына арналған стипендия иегерлерінің есімдерін жариялады. Биыл оқуға материалдық қолдау алатын дарынды музыканттардың қатарында “Павлодар қаласының музыкалық колледжі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты” кешенінің оқушысы Даниил Борисов бар, – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Стипендия тағайындау конкурсына қатыса отырып, Даниил музыкалық туындылардың бейнежазбаларын ұсынды, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелерімен әңгімелесуден өтті. Осылайша, сарапшылар оның орындаушылық шеберлігін, әртістігі мен уәждемесін толық көлемде бағалай алды. Финалдық кезеңге барлығы он бес адам қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий