Қос ұстаздың мәртебелі мерейі

“Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісінің иегері атануы үшін биылғы мұғалімдер күніне орай Баянауыл ауданы бойынша 33 мұғалім онлайн базасы арқылы өтініштерін тіркеп, талаптарға сай құжаттарын тапсырған еді. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Баянауыл ауданынан №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Баян Рақымжанқызы Шокина мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Габдулрашидқызы Рахымжанова іріктеуден өтті.

Қос мұғалімнің оқушылары бірнеше жыл қатарынан оқулардан, ғылыми жобалардан, олимпиадалардан жүлделі орындар алды. Өздері аудан, облыс, республика, халықаралық көлемінде өткізген іс-шараларға, семинарларға, оқуларға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Әріптестеріміздің мерейі үстем болды. Қос мұғалім де осы марапатқа сай. Оларды жемісті жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасына бақыт, еңбекте табыс тілейміз. Мақтан тұтар шәкірттеріңіз көп болсын!

Мәншүк Тынысқызы ШУМАҚОВА,
аудандық білім бөлімнің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий