Екібастұзда педагогикалық әулеттер аллеясы салынды

Жуырда қалалық “Шахтер” саябағында педагогикалық әулеттер аллеясы салынды. Саябақтың ортасында мұғалімдер отбасымен 17 жас шырша отырғызды. Әр отырғызылған ағаштың жанында әулеттер аты көрсетілген тақтайшалар орнатылды. Кейбір отбасылардың жалпы еңбек өтілі төрт ғасырдан асады. Акцияны қалалық білім бөлімі ұйымдастырды.

Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Екібастұз білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Алима Рахымжанова әулеттердің ізбасарлары аллеяға келіп, көшеттерге күтім жасап, “Өз тамырларын құрметтейді” деген үмітін білдірді. Мұғалімдер отбасы естелік аллеясын салуға балаларымен, немерелерімен және тіпті шөберелерімен келді. Сейтовтер әулетінің педагогикалық еңбек өтілі – 87 жыл. Әулет өкілдері – математика, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері.

Ал әулет аллеясын салуға осы отбасының жас ұстаздарынан кіші айтыскер және Жаяу Мұса атындағы Баянауыл музыка мектебінің оқытушысы Тілек Сейітов келді. — Мен үшін әулетіміздің ағашын отырғызу үлкен мәртебе, – деп атап өтті мұғалім. – Бұл аллея саябақтың сәніне айналады деп үміттенемін. Ал біздің балалар ата-аналарының ең асыл мамандықты таңдағандарын мақтан тұтады. Білім бөлімі әулеттер көбейген сайын аллеяны кеңейтуді жоспарлап отыр.

Л.ПАВЛОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий