Ақтөбелік жас спортшылар тоғызқұмалақтан жазғы гимназиядасының жеңімпаздары атанды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: – Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағытты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты  дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек, – деді.

Осы мақсатты жүзеге асыру аясында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен  Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай X-жазғы гимназиядасы жуырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық тоғызқұмалақ жарысы ұйымдастырылды. Бұл дүбірлі додаға біздің аймақтан қатысқан жас спортшылары жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Тартысқа толы жарыста ақтөбелік спортшылар топ жарып, командалық есепте жалпы жинаған ұпай сандары бойынша бірінші орынды иеленді.

Жекелей есепте топ жарған оқушылармен мақтанамыз. Олар: бірінші қатардан көрінген № 30 ОМ Тұрарбек Қайрат; екінші орынды иеленген № 3 ОМ Алиева Алина мен № 24 ЛМГ Амангелді Анель және үшінші үздікке енген № 30 ОМ Мамышева Даяна. Ата-бабамыздан аманат болған тоғызқұмалақ – рухани байлықтың көзі. «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді. Сондай-ақ адамның ойлау қабілетін дамытып, ойын барысында сезімталдықты шыңдап, адамның рухани байлығын арттырады.

Жалпы,балалардың зеректігін арттыру үшін тоғызқұмалақтың алар орны ерекше. Әрі мұндай жарыстарға жастардың көптеп қатысуы көңіл қуантады.   Осы айтулы республикалық  жарыста оқ бойы оза шауып, ешкімге дес бермей жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болып облыс намысын биікке көтерген өз  шеберлігін шыңдай тускен оқушыларды және команда жетекшісі Кабиев Нурбекті құттықтаймыз!!!

Қуатбай Жақаемұлы ДӘРІБАЕВ,
Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми – тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының Спорт және
салауатты өмір салтын қалыптастыру
бөлімінің меңгерушісі 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий