Батыс Қазақстан: Ауылдық оқушылардың жетістігі жоғары
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру. Бағдарламаға еліміздің барлық аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Екі жыл бұрынғы іріктеу кезеңде екі мыңға жуық окушы бақ сынап, солардың 55-і үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Оқушылар математика, физика, ағылшын тілі, «Эрудит» эссе конкурсы сынды төрт пәннен бақтарын сынай алады. Аталмыш олимпиада өңіріміздің 12 ауданында екі жыл бойы өткізілді, бірінші және екінші кезеңдер аудан орталықтарында өткізілсе, үшінші қорытынды кезең былтырғы жылы елордасында, ал биыл Қапшағай қаласында ұйымдастырылды. Екі жылдың қорытындысы бойынша отыз оқушы Бурабайдағы халықаралық стандартпен салынған мектепте білім алуда. Биыл 1351 окушы қатысып, оның қырық сегізі үшінші кезеңге жолдама алды.
Қапшағайдағы қорытынды кезеңде математика пәні бойынша Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Альбина Хасанова үшінші қатардан көрінсе (оқытушы Рысты Суюнгараева), Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дильшат Айткалиев екінші орынды иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәні бойынша біздің облыстың командасы «Үздік команда» аталымына лайық жеңімпазы ретінде марапатталды. Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының Мұхит жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Фатима Аманбаева мен Шыңғырлау ауданының Л.Клышев мектебінің оқушысы Лаура Шынгужиева жүз үздік оқушы қатарына ілікті.