Даналықты дәріптеу ұрпаққа ұлағат

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жуырда халықаралық қарттар күніне арналған “Ұпақтар сабақтастығы” жобасы аясында жалғызілікті зейнеткерлерге азық-түлік себеттерін табыстады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

БҰҰ Бас Ассамблеясы жиырма тоғыз жыл бұрын жариялаған Халықаралық қарттар күні мерекесі елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде талып өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем тәжірибе мен даналыққа құрметпен қарайды, қарт адамдарға сыйлықтар тарту етіп, ерекше көңіл бөледі. Зияткерлік мектептің еріктілері ата-аналарымен қамқорлық, мейірімділік деген ұғымдарды тағы бір рет еске түсірді. Оқушылар өмірлік жағдайларға байланысты жалғыз қалған 65-ке жуық қарияға көмегін тигізді.

Зияткерлердің тағы бір ерекше құттықтауы – «Жүрегімнің бір бөлігі» атты акция. Оның аясында оқушылар қарт адамдарға өздері жасаған құттықтау хаттарын сыйлады. Ата-әжелермен сұхбаттасу – кездесудің маңызды бөлігіне айналды. Жалғызбасты қарт адамдар үшін теледидар өміріндегі негізгі ермегіне айналады. Сондықтан зейнеткерлерге адами қарым-қатынас жетпей жатады.  Әжелер мен аталар өз өмірлері туралы, жастық шақ пен арман туралы естеліктерімен қуана бөлісті. Барлығы үлкен ықыласпен тыңдады, өйткені ол кісілердің өмірлік оқағалары арқылы жас ұрпақ кітаптардан кездестірмейтін көптеген қызықты мәліметтерді біле алады.

«Бұл күннің екінші атауы – мейірім пен құрмет күні. Айтулы күнге орай ұйымдастырылған кураторлық сағатта қазыналы қарттарымыз бен жас ұрпақ арасындағы көзге көрінбейтін байланыс пен алма-кезек ауысып отыратын табиғи заңдылық туралы айтылды. Кездесуде оқушылар халықаралық мейрамның тарихы мен оны әр үйде өткізу дәстүрлері туралы және мемлекет тарапынан асыл қазына – қарияларға көрсетілетін көмек туралы да айтып өтті.

Сонымен қатар бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру ұзақтығына қатысты  қызықты фактілерге,  Гиннестің рекордтар кітабына енген көптеген егде жастағы  адамдардың жетістіктеріне тоқталды. – Қарттар бала сияқты – сезімтал, аңғал және қарапайым. Олар біздің қазынамыз, тарихымыз. Аға ұрпақпен кездесу арқылы жас буын өлшеусіз тәлім-тәрбие алары хақ. Адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді дамыта отырып, ең бастысы – мейірімділік пен жанашырлыққа үйренеміз, – деді өз ойымен бөліскен 12-сынып оқушысы Дарья Степанова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий