Менің сүйікті мұғалімім!

Пән, мұғалім деген меніңше екі синоним сөз, себебі мұғалімнің сабағын беруі бөлек өнер. Мұғалім сөзіне тоқтасақ, бұл ең мамандықтың қиыны. Осы мамандықты таңдау әр  адамның қолынан келмейді. Бәлкім сондықтан ,,Ұстаз –ұлы тұлға“ деген халық аузында құдіретті сөз қалыптасқан.  Оқушы үшін оқу әр кезде бірінші  орнында болуы керек дегенмен оймен мен толықтай келісемін. Бұған қарамастан барлығымызда сүйіп оқитын пәніміз бар. Мысалға біріміз математика, ал біріміз орыс тілін оқығанда, қызығамыз, ләззәт аламыз.

Мен болсам қазақ  тілін сүйіп оқимын. Қалай ойлайсыздар, кім маған осы пәнге құштарлығымды оятқан? Әрине, cүйікті мұғалімім! Ол – Құдабаева Анаргүл Какимхановна. Маған өзімнің апайым көптеген сан қырлы білім үйретті. Мысалға, осы оқып жүрген кішкентай уақытта мен қаншама ақпарат алғанымды айтып жеткізу қиын, қазір мен қаншама білім алғаныммен ең бастысы өзіме ұнаған нәрсемен айналысамын: шығарма, эссе, тақпақ жазып, өзім шабытымды шыңдаймын.

Осының бәріне мен мұғалімімнің арқасында жеттім. Анаргүл апай әрқашан біздің жетістігімізге  қуанып, бес жыл бойы қолдап  келген керемет ұстаз. Егер мектеп екінші үй болса, ұстаз екінші анаң. Осы менің сүйікті ұстазым тек қана оқытпай, өмірлік мысал көрсете алады. Қорытындылайтын болсам, балалар,  әрқашанда ,,Ұстазды ұлы әкеңдей сыйла“ дегенді ұмытпайық. Анаргүл апай сияқты ұстаздан тек үлкен өмірлік білім мен өнеге алуға болады!

Назерке НҰРЖІГІТ,
Талдықорған қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің 5А сынып оқушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий