БҒМ: Әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақшаға аударылды

Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Қазақстант Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 


Жүз шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. Барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылады. Оқулықтар https://100kitap.kz/ru/books және https://openu.kz/kz/books сайттарында жарияланған. Сонымен қатар аударылған оқулықтар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі видеокурстар әзірленіп, www.OpenU.kz порталында орналастырылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий